Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев бұқаралық спортты дамыту кәсіби спортшыларды тәрбиелеп шығарудың төте жолы екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Болашақ спортшыларды қалың бұқараның ішінен іріктеп аламыз. Сәйкесінше, спорттың сол түрін дамытуға тиіспіз. Бізде қазіргі таңда қалада спорт алаңшалары мен көше спортын дамыту бойынша құрылғылар орнатылған. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Келер жылға бұқаралық, жоғары спорт және инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша жұмыс жоспары түзілді. Орталық стадион басқаша форматта күрделі жөндеуден өтпек. Оны шетелдік инвесторлар жүзеге асырады» деді Әлібек Нұртаев.
Сонымен қатар, басқарма басшысы жыл соңына дейін бұқаралық спортпен айналысушылар саны қала халқының 27 пайызына жетеді деп жоспарлап отырғандарын жеткізді.