Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған брифингте Еңбекші ауданында индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша және жеке инвестиция негізінде«Оңтүстік» индустриалдық және «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймақтарында 2 өндірістік кәсіпорындар ашылып, жалпы 80-нен астам жаңа жұмыс орындары іске қосылғаны мәлім болды.
Сондай-ақ, аудан әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша ҚР-ның «Жарнама туралы» Заңына және аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарына сәйкес, есепті кезеңде 84 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, жалпы саны 508 заңсыз жарнама жойылған. Ал, аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғайып жатыр екен. Атап айтсақ, жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млрд. теңге жиналып, 2018 жылдың 10 айымен салыстырғанда 29 %-ға артқан.
Сонымен қатар, жиын барысында жылуменқамтамасыз ету мәселесі де қозғалып, аудандағы 528 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілгені белгілі болды.Одан бөлек, Еңбекші ауданында көгілдір отынмен (табиғи газ) қамтылмаған 1632 тұрғын үй бар. Қазіргі таңда 1632 үйдің 1256-і – 3941тонна көмірмен қамтылған.