Шымкентте дәстүрлі «Таза қала» акциясы басталды. Байқауға қала аумағындаңы аула және көше атынан үй төрайымдары мен комитет төрағалары қатысуға құқылы. Бүгіннің өзінде 4 ауданнан 200-ден астам өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Акцияға қатысуға өтінім бергендердің бірі, Әл-Фараби ауданына қарасты Әлімбетов көшесі 45 «в» үйдің ауласы. Көпқабатты үйдің тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін, автоқақпа мен арнайы камера орнатқан. Жан-жағын қоршап, 5-6 жыл бұрын ағаш көшеттерін отырғызған.
Ал, Отырар ауданы 11 үйдің үй төрағасы да жүлделі орыннан дәмелі. Акцияға 5 жылдан бері белсенді қатысып келеді. Олар былтырғы конкурста айтылған сын-ескертпелерді түзепті.
Байқауды ұйымдастырудағы мақсат - қаладағы жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру болатын. Тұрғындардың тазалыққа шақыра отырып, оларды ынталандыру еді. Ол үшін 4 млн теңге бөлінген.
Нәтиже, желтоқсай айында белгілі болады. Айта кетейік, жеңімпаздар анықталғанға дейін комиссия мүшелері аудан көлемін, өтініш тапсырған көше мен ауланы 2 рет тексеруі тиіс. Сайыстың барынша әділ өтуі үшін БАҚ өкілдерін арнайы қатыстырды.