23.11.2019, 17:12

«Шымкент арена» қашан салынады?

Қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев шымкенттіктер тағатсыздана күтіп отырған «Шымкент арена» спорт кешені қала әкімінің тікелей бақылауында екенін айтты, - деп хабарлайды Sn.kz.

Оған «Шымкент сити» қалашығынан тиісті жер бөлінген. Қазіргі таңда оның эскиздік жобасы әзірленіп жатыр. Жақын арада нысанның жобалық-сметалық құжаты жасалынады. 

Бірақ, кешенді кімнің салатыны әлі нақтыланбапты. Мүмкін мемлекет қазынасына немесе инвестор есебінен бой көтереді.

Белгілісі, алдағы 4-5 жылда халықаралық стандарттарға сай спорт кешені пайдалануға берілмек.

Тегтер: Шымкент