Қазақстанда лифт мәселесі қалай шешіледі? Бұл сұраққа бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында депутаттық сауалға жауап бере отырып ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бұл бағытта ҚР Заңының 2 жобасы көмектеседі: ТКШ мәселелері бойынша және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша. ТКШ туралы ҚР Заңының жобасында норма қарастырылған, оны қабылдағаннан кейін ұлттық стандарт нарықтың барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті болады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың мамандары – әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор мәртебесіне ие болады», - деді министр.
Бұдан басқа, лифт жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер нарығын реттеу мақсатында жаңа рұқсат беру рәсімі – лифт жабдығын монтаждау, техникалық қызмет көрсету, техникалық диагностикалау, техникалық куәландыру және жөндеу жүргізу құқығына аттестаттау енгізіледі.
Қарастырылған өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң бойынша, уәкілетті орган құзыретіне лифт құрал-жабдықтарына қызметтер көрсететін заңды тұлғаларды қадағалау жөнінде өкілеттілік беріледі.
Осы құжаттарды қабылдағаннан кейін лифт қауымдастықтарымен бірлесіп аталған жұмыс түрлерін орындау бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары әзірленетін болады.
Сонымен қатар, ҚР ИИДМ Лифт саласын дамытудың жол картасын әзірледі, онда саланың проблемалық мәселелерін шешу үшін нақты шаралар көзделген.
Қазіргі уақытта елімізде 24025 лифті пайдаланылуда, олардың 6 мыңнан астамы жөндеуді және ауыстыруды қажет етеді. Өз қызметін жылына 3150 лифтінің жалпы өндірістік қуаты бар 6 кәсіпорын жүзеге асырады.
Атап өту керек, 2018 жылы министрлік «Қазақстан лифтішілер одағы» («Союз Лифтовиков Казахстана») қауымдастығымен бірлесіп, бірыңғай «Лифттер, эскалаторлар, траволаторлар және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштер» ҚР СТ Ұлттық стандартын әзірлеп, енгізді.
Бұл құжатпен лифт жабдықтарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсететін лифт ұйымдарына қойылатын талаптар анықталды.