29.11.2019, 09:45

«Таңғалдық»: астрономдар комета фонында Жерді суретке түсірді

Жердің диаметрінен 14 есе үлкен және біздің ғаламшарымыздан Айға дейінгі қашықтығы 40 проценттен асады.

АҚШ, Коннетикуттегі Йель университетінің астрономдар командасы Гавай аралдарында Кек атындағы обсерваторияда 2I/Борисов кометасын суретке түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Все о космосе» сайтына сілтеме жасап.

Суретте кометаның құйрығының ұзындығы - 160 000 шақырым екені көрініп тұр. Бұл Жердің диаметрінен 14 есе үлкен және біздің ғаламшарымыздан Айға дейінгі қашықтығы 40 проценттен асады, делінген хабарламада. «Біз Жер мен кометаны бір суретке орналастырса, Жердің қаншалық кіп-кішкентай болатындығын көріп, таңғалдық», - деді Йель университетінің астрономия профессоры Питер ван Доккум өз мәлімдемесінде. 

Аталған кометаны тамыз айының соңында әуесқой астроном Геннадий Борисов ашты. Нысанның жылдамдық талдамасы мен траекториясы оның Күн жүйесінің сыртынан келетінін көрсетіп отыр,яғни бұл 2017 жылдың қазан айында алғаш рет байқалған жұмбақ астероид Оумуамуадан кейінгі жұлдызаралық кеңістіктегі екінші «қонақ».

 Борисов кометасының болашағы орасан. Ол қазірге дейін Күн жүйесінде жүр, ал оның орбитасының перигелийі (Күнге ең жақын нүктесі) 8 желтоқсанда болады деп күтілуде.Содан кейін үш апта өткен соң комета Жерге жақындамақ.

Тегтер: жер