Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Хабар 24.
Ол «Халық Банк» АҚ және «Банк Центр Кредит» АҚ-дағы карточкалық шоттарына ақшаны заңсыз аудару арқылы өте үлкен көлемде – 92 млн 500 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. 27 қарашада күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайды.
Ақпарат көзі: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.