$ 494.87  520.65  4.91

Даяшы бозбалалардың өліміне қатысты тың дерек шықты

Жаңаөзеннің тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметінше, тірі қалған бір даяшы қалалық аурухана бөлімшесіне ауыстырылды. Оның халі тұрақты.
фото: Мodelnyeagentstva.com
фото: Мodelnyeagentstva.com

Жаңаөзен мейрамханасында үш жігіт зардап шегіп, екеуі қаза тапты. Біреуі қазір ауруханада жатыр.Таныстардың айтуынша, көз жұмған жасөспірімдер мейрамханада түнеуге қалған. Себебі, ертеңінде олар банкетте жұмыс істеуі тиіс болатын, деп хабарлайды Sputniknews.kz жергілікті инАктау басылымына сілтеме жасап.

"Жігіттер уақытты әрі күшін үнемдеу үшін жұмыстан соң үйлеріне қайтпай, мейрамханада түнеуді жөн көріпті. Ал, мекемедегі ең жылы жер пеш жағатын бөлме болғандықтан олар сонда ұйықтапты", - дейді тұрғындар.
Таңертең пеш жағатын бөлменің еденінде жатқан кәмелетке толмаған балаларды достары тауып алған екен.

Жаңаөзеннің тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметінше, тірі қалған бір даяшы қалалық аурухана бөлімшесіне ауыстырылды. Оның халі тұрақты.

"Жасөспірім есін жиды. Тамақтана алады, дәрігерлердің сұрақтарына да жауап беруге шамасы жетеді. Аурухана мамандары оған "Ауыр деңгейдегі иісті газдың улы әсері. Улы энцефалопатия" диагнозын қойды. Зардап шеккен жігіттің анасы жедел-жәрдем ұлын ауруханаға ес-түссіз, аса ауыр халде әкелді дейді", - деп хабарлады басқарма.

Еске салсақ, алдын ала мәлімет бойынша мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген кәмелетке толмаған үш бала 24 қараша күні иіс тиіп, уланып қалған болатын. Екі зардап шеккен даяшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілген.

 Полиция "Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары