Жаңалықтар 29.11.2019 сағат 15:45

Түркістандағы кесене маңында қайықпен серуендеуге бола ма?

Бақылау камераларын қою және қауіпсіздік шараларын күшейту тұрғындардың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайды.
Түркістандағы кесене маңында қайықпен серуендеуге бола ма?
фото: Ernur.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Болашақта Түркістандағы кесене маңында қайықпен жүріп серуендеуіңіз мүмкін. Бұл қаланың бас жоспарында көрсетілген. Көне шаһардың басты құжаты бекітілсе, рухани ордамыз адам танымастай кейіпке енетін болады.
Халықаралық қала деңгейіне жетуді мақсат тұтып отырған шаһар басшысы Рашид Аюпов туристер үшін де тартымды жобаларды қолға алмақ. Осы және өзге де жоспарлар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және әлеуметтік желі белсенділерімен болған жиында талқыға түсті.

Бүгінде Түркістан қаласы тұрғындарының саны 170 мың. Таяу арадағы 5 жылда бұл көрсеткіш 2 есеге дейін ұлғайып халық саны 350 мыңға жетеді,- деп жоспарланып отыр.

Рашид Аюпов, Түркістан қаласының әкімі:

«Қосымша 3000 га жер кіріп жатыр. Ол жерге аэропорт кіреді. Шойтөбе кіріп жатыр. Оған арналған жоспарымыз бар. Оны бекітіп алдық».

Халықаралық қала статусына лайық болу үшін қала қауіпсіз болуы тиіс. Бүгінде Түркістан көшелеріне 578 бақылау бейнекамералары орнатылды. Енді тәртіп бұзғандар тез арада анықталып, тиісті шара қолданылады.

Бақылау камераларын қою және қауіпсіздік шараларын күшейту тұрғындардың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайды.

Рашид Аюпов, Түркістан қаласының әкімі: «2050 жылы Түркістан қаласы 3 қалаға ұқсауы керек дедік. 1- Стамбул, 2- Иерусалим, 3- Рим. Осы үш қаланың біруіне теңестіруіміз керек».

Түркістанда туристерді таңқалдыратын тың жобаларды қолға алу қарастырылған. Шахар басшысы Рашид Аюпов алдағы уақытта Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі маңында ерекше жоба жүзеге асатынын айтады.

 

Дереккөз: Otyrar.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар