$ 448.89  477.93  4.76

Нұрсұлтан есімді 100 азамат ауруханадағы балаларға сый-сияпат жасады (ВИДЕО)

Шараны ұйымдастырушылар игі бастама жалғасын табуы үшін барша қазақстандықтарды атсалысуға шақырды.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Алматыда Нұрсұлтан есімді 100 азамат «Ақсай» республикалық балалар ауруханасында емделіп жатқан балаларды мерекемен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Хабар 24.

«Армандар орындалады» деп аталатын шараны Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы мен «Jas Otan» жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырды. Белсенділер әр баланың арман-тілегін алдын ала жинаған болатын. Сол бойынша, бүлдіршіндерге өздері қалаған заттарын сыйға тартты.

Шараны ұйымдастырушылар игі бастама жалғасын табуы үшін барша қазақстандықтарды атсалысуға шақырды.

Айта кетейік, «Ақсай» балалар ауруханасында күрделі диагнозы бар бүлдіршіндер ем қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары