$ 494.87  520.65  4.91

«Ол шынайы дәрігерлердің орнын басады»: Қытайда дәрігер-робот лицензия алды

Техниканың дамуы барған сайын жылдамдап, тіпті өзінің шегінен асып бара жатқандай. Енді бірер жылдардан кейін дәрігер-роботтар қолданысқа енуі мүмкін.
Фото: fakty.com.ua
Фото: fakty.com.ua

 

Қытайда дәрігер-роботқа ресми лицензия берілді.  «iFlyTek» компаниясы «ИИ» роботын жасап шығуға төрт жыл уақытын сарп етіпті,-деп хабарлайды oinet.kz порталы. 

Кезекті сынақ кезінде робот дәрігерлер тапсыруы тиіс емтиханнан сүрінбей өткен. Тіпті нәтиже күткендегіден де асып түскен. Бұл көрсеткіш туралы компания басшылығы мақтанышпен былай дейді:  «Біз мұны бұрыннан жасап келеміз. Біздің робот өз еркімен сынақтарымызға жауап берді. Ол емтиханның барлық сұрақтарынан сүрінбей өтті. Ол шынайы дәрігерлердің орнын басатын болады».  Жақын арада робот-дәрігер тәжірибеге шығып, өзінің алғашқы жұмысын бастайтын болады. Дәрігерлердің орнын роботтардың алмастыруы енді ертегі емес. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қытай #Робот