01.12.2019, 04:24

Сібір аймағынан 18 мың жыл мұзда қатып тұрған күшіктің денесі табылды

Фото: ©CentreforPalaeogenetics/SFedorov/twitter
Күшік 2 айлық кезінде өлген, ал денесі сол қалпы сақталған көрінеді. Қазір ғалымдар оның ДНҚ-сын зерттеп жатыр.

Швед ғалымдары 18 мың жыл мұзда қатып тұрған күшіктің денесін зерттеп, адам сенгісіз жаңалықтардың куәсі болуда,-деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Осыдан бір жыл бұрын ғалымдар мамонттың сүйегін іздемек болып, Саха Республикасына арнайы сапарға шығады. Олар бұл сапардан 18 мың жыл мұзда қатып тұрған күшіктің денесін табады. 

Күшік 2 айлық кезінде өлген, ал денесі сол қалпы сақталған көрінеді. Қазір ғалымдар оның ДНҚ-сын зерттеп жатыр. Оның ит тұқымының қай түріне жататыны әзірге белгісіз.

Зерттеуді швед ғалымдары жүргізіп жатыр. Олардың айтуынша, бұл күшік ең алғышқы ит немесе қасқыр, не болмаса екеуінің де арғы тегі болуы мүмкін. 

Негізі ғалымдар күшіктің денесін 2018 жылы Индигирка өзенінің маңынан тапқан. Олар бүгінге дейін бұл зерттеу операциясын құпия ұстаған. 

Тегтер: Сібір күшік