$ 494.87  520.65  4.91

СҚО-да мас аңшы сирек кездесетін жануарды атып алған

Қазақ-орыс шекарасын күзеткен сақшылар спирттік ішімдікке сылқия тойып, аңға шыққан азаматты қолға түсірді деп хабарлайды SN ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Петропавловск шекара отрядына қарасты «Якуш» шекара заставасының наряды Сумное елдімекенінің маңынан 40 жастағы қазақстандықты ұстаған. Араққа сылқия тойып алған бұл азамат «Мицубиси Монтеро» автокөлігімен аңшылатып жүрген. Автокөлікті тексеру барысында шекарашылар жаңа ғана сойылған еліктің етін тапты. Сақшылар тоқтатқан кезде ол мылтығын лақтырып үлгерген екен, авттокөліктен бірнеше метр жерден 5,6 калибрлы ТОЗ-8 карабины табылды.

Шекарашылар бұдан әрі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты қорғау инспекторы мен жол полициясы, Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін шақырып, ұсталған азаматты соларға тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары