Ақтөбе қаласында 5 жасар бала көпқабатты үйдің 6-шы қабатынан құлап кетіп, аман қалды деп жазады "Диапазон" порталы.
Қазіргі таңда сәби ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ, дегенмен аяғының сүйектері сынған дейді дәрігерлер. Көп ұзамай жарақаттанған бала ата-анасына қайтарылады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, баланың анасы оның өзін үйде жалғыз қалдырып, сыртынан құлыптап кеткен екен. Далаға шыққысы келген ол терезені ашып, секіріп кеткен. Абырой болғанда, ол терезе астында үйілген қардың үстіне құлап аман қалып отыр.