$ 498.34  519.72  4.85

Қытай соты бұрын жоғары қызметтерде істеген ұйғыр саясаткеріне өмір бойы түрме жазасын кесті

2 желтоқсанда Қытай мемлекеттік телеарнасы Бекри сот кезінде айыбын мойындағанын жеткізді.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Қытай соты бұрын жоғары қызметтерде істеген ұйғыр саясаткері Нур Бекриді "жемқорлық айыбымен" өмір бойы түрме жазасына кесті, деп жазады Азаттық.

2 желтоқсанда Қытай мемлекеттік телеарнасы Бекри сот кезінде айыбын мойындағанын жеткізді.

Бекри – Қытайда лауазымды қызметте істеген этникалық ұйғырдың бірі. Биыл қыркүйекте оның үстінен "жемқорлық айыбымен" тергеу басталған.

Ол Қытайдың ұлттық энергетика агенттігін басқарды және былтырға дейін Қытайдағы жоспарлау агенттігі бастығының орынбасары болған. Бекриді 2008-2014 жылдары Шыңжаң аймағында басшылық қызметте істеген.

Бекри халықаралық қауымдастық Пекинді "Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарға қысым жасады" деп сынап жатқан тұста сотталды.

Пекин жемқорлыққа қатысы күрес науқанын бастап, көптеген шенеунікті ұстаған. Сыншылар кейбір ұсталғандардың ісінде саяси астар бар деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #Қытай