Нұр-Сұлтан-Павлодар жолында екі жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп жазады "Хабар24".
Оқиға барысында Kia жүргізушісі қалғып кетіп, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Сол бойда ВАЗ-2109 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
ВАЗ-дың жүргізушісі сол сәтте жан тапсырды. Ал оның жанындағы әйел адам ауруханаға жолда көз жұмды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ҰК АҚ хабарлады.