08.01.2016, 08:17

Ливиядағы жарылыстан 70 адам көз жұмып, 200 адам жараланды

7 қаңтар күні Ливияның солтүстік-батысында орналасқан Злитен қаласындағы полицияның жаттығу лагерінде болған жарылыстан 70 адам қаза тауып, 200 адам жараланды. Лаңкестік оқиға ел астанасы Триполиден 160 шақырым жерде орын алған.

«Al Arabia» телеарнасының хабарлауынша, жүк көлігіне қойылған жарылғыш заттың күшті болғаны сонша, оқиға маңынан алшақта жүрген тұрғындар да ажал құшқан.

Бұл жарылысқа жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары мойнына алып отыр.