27.11.2019, 10:17

Алматыда «Абай және Рухани жаңғыру» атты жиын өтті

Басқосудың мақсаты – Рухани жаңғыру үрдісінің мазмұндық және идеялық арқауын Абайдың рухани да асыл мұрасымен байланыстыра және ұлттық құндылықтарды тәрбиенің негізі ретінде ала отырып, іс-шаралар мен жобаларды іске асыруды сараптау.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай және Рухани жаңғыру» атты жиын өтті. Шара Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің ұйымдастыруымен өтті. Оған қала әкімдігі қолдау көрсетті. Ал алқа жиынға Алматы қалалық маслихатының депутатар мен зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты, деп хабарлайды Sn.kz.

27 қараша күні Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық білімді дамыту орталығымен бірлесіп, «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасында «Абай және Рухани жаңғыру» тақырыбында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру барысын талқылау үшін сарапшылармен кездесу өткізді.  

Кезекті басқосудың мақсаты – Рухани жаңғыру үрдісінің мазмұндық және идеялық арқауын Абайдың рухани да асыл мұрасымен байланыстыра және ұлттық құндылықтарды тәрбиенің негізі ретінде ала отырып, іс-шаралар мен жобаларды іске асыруды сараптау. 

Қазіргі қоғамда жастарымыздың адамгершгершілігі мол, елжанды, креативті, белсенді, өз өмірлік ұстанымы бар, көшбасшылық қасиетке ие, сыни ойлауға қабілетті болуы – ұлт болашағы. 

Былайша айтқанда ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы – ол ата, әжелеріміздің, яғни ғұламалардың даналығы. 

Өткен ғасырда айтылған Ұлы Абай атамыздың:  Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз?  Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз! Ондай болмақ қайдаааа деп, айтпа ғылым сүйсеңіз, Сізге ғылым кім берер, жанбай жатып сөнсеңіз? немесе   өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз, - деген сөздері бүгінгі өмір талабына, яғни сананың ашықтығы, білімнің салтанат құруы, прагматизм т.б. барлық «Рухани жаңғырудың» бағыттарына тұп-тура келеді. 

Кездесуге шақырылған сарапшылар, белгілі ғалымдар, абайтанушылар іс-шара тақырыбын жан-жақты талқылап, белсенділік танытып, алдағы істелетін жұмыс барысына сараптамалық қорытындыларын ұсынды.