Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушісі 6 миллион теңгеден астам сомада жол ережесін бұзған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 желтоқсанда полиция «VOLVO Xc90» маркалы автомобильді жол-көлік ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Көлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында полиция 98 жол ережесін бұзғаны үшін 6 млн 95 мың 350 теңге айыппұл арқалап жүрген азамат екенін анықтады.
Сондай-ақ, патрульдік полиция LEXUS LX 570 маркалы автокөлікті жол-көлік ережесін бұзғаны үшін ұстады, ол жалпы сомасы 2 млн 489 мың 650 теңге болатын 49 жол ережесін бұзған.