$ 498.34  519.72  4.85

11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым территориясында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады (көбінесе қар). Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, түнде кей жерлерінде жел  күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде  бұрқасын, күндіз кей жерлерінде көктайғақ, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23м/с болады.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ жел 15-23 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Атырау, күндіз  Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде -тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/ болады.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары