Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы мен Қарағанды облыстарындағы кей жол бөліктеріне шектеу қойылды деп хабарлайды "Қазавтожол" РММ баспасөз қызметі.
Атап айтар болсақ, Алматы облысындағы "Үшарал-Достық" тас жолының 83-184 шақырымының аралығы (Көктума станциясынан Достық станциясына дейінгі аралық) көліктің барлық түрі үшін уақытша жабық.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында көктайғақтың салдарынан (жаңбыр, ауа температурасы -3 градус нөлден төмен) "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 433-749 шақырымы (Жезқазған қаласынан Атасу ауылына дейінгі аралық) жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін жабылып отыр.