Жаңалықтар 08.11.2019 сағат 15:37

«Рухани жаңғыру»: Марат Оспановты еске алу кеші өтті

Еске алу кешіне қатысқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Марат Тұрдыбекұлының айрықша саяси көрегендігін атап өтті.
«Рухани жаңғыру»: Марат Оспановты еске алу кеші өтті
фото: caravan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай атындағы опера және балет театрында мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Кеште Марат Оспанов бейнесіне арналған «Кодекс жизни Марата Оспанова» қысқаметражды деректі фильм көрсетілді.

Еске алу кешіне қатысқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Марат Тұрдыбекұлының айрықша саяси көрегендігін атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне алғашқы төрағалық еткен кезінде Марат Тұрдыбекұлы терең білімін көрсетті. Сол бір ауыр кезде еліміздің сәулетті болашағы үшін жаңа заңдар қабылдау өте маңызды еді. Марат Тұрдыбекұлы өміршең заңдардың қабылдануына тікелей жауап берді және оларды дер кезінде жүзеге асыра білді» деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында №4 соқырлар мен нашар көретін балалар мектеп-интернатының халық аспаптары оркестрі Серік Нұртазиннің дирижерлік етуімен «Өрлеу» күйін орындады. «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпаздары Дінмұхамед Дәулетов және Алена Когай І have nothing (Whitney Houston) әнін айтты.

Марат Тұрдыбекұлы ҚР Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы болды. Ол «Тұрақтылықтан өсуге» атты экономикалық бағдарламаны жазды, алғашқы Салық кодексін, Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны әзірлеуге қатысты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар