$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда жастар арасында робот техникаларының турнирі өтті

Жастар арасында инженерлік білімді кеңінен насихаттайтын элетротехникалық жарыс елімізде ауқымды көлемде алғаш ұйымдастырылған еді. Сайысқа қатысушылар қолдан арнайы роботтар мен өзі жүретін кіші көлемдегі машиналар және әр түрлі жобалар жасаған.

Елімізде алғаш рет European Robotics Week ұлттық финалы мәртебесінде өткізіліп отырған "Almaty Roboman" сайысының жеңімпаздары финалда бақ сынады. Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы Sn.kz. хабарлайды.

Жастар арасында инженерлік білімді кеңінен насихаттайтын элетротехникалық жарыс елімізде ауқымды көлемде алғаш ұйымдастырылған еді. Сайысқа қатысушылар қолдан арнайы роботтар мен өзі жүретін кіші көлемдегі машиналар және әр түрлі жобалар жасаған. Жарысқа Алматы, Қостанай және Жамбыл облыстарынан 37 оқу орнының студенттері мен колледж оқушылары қатысып, бақ сынады. Байқау қатысушылардың жас шамасына, топ болуына және басқа да ерекшеліктеріне орай 7 кезеңнен тұрды.

«Бүгінгі таңда бізде 7 түрлі жарыс болады, оның үшеуі бәсекелестік сайыс - «суммо жұдырықтасу», «робокросс» және «жүйелік инженериядағы электроника» деп аталатын турнирлерді өткізудеміз. Сондай-ақ, шығармашылық жобалар да бар, оның ішінде бейне форматында да, сурет түрінде де «менің сүйікті роботым» балалар конкурстарын ерекше айтуға болады. Еркін шығармашылық категориялар мен 3D принтері арқылы жасалған 3D модельденген жұмыстардың иелері де бақтарын сынауда», деді Еуропалық робототехника апталығының ұлттық үйлестірушісі Владимир Затолокин.   

Бұған дейін байқаудың іріктеу кезеңдері Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті мен №134 лицейде болып, шешуші 3- кезең турниріне 217 топ пен 300-ден астам мектеп оқушылары өткен болатын. Ең қызығы, қатысушылар арасында жас инженерлер командасы да болды. 6 жастағы Чингиз Меджидов арнайы курстарға қатысып, кітап беттерін аударатын құлтемірді қолдан құрастырыпты. Оның айтуы бойынша, бұл мектеп оқушылары үшін көмекші құрал болмақ.

Жаһанданған заманда адамдарға көмекші болатын жасанды интеллекттің рөлі қазіргі қоғамда өте маңызды болып отыр. Көзге ерекше түскен туындылар авторының бірі -адамдардың уақытын үнемдейтін «ақылды айна» проектісін көрермендер назарына ұсынған еді.

Байқау соңында бірнеше топтар мен жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Айта кетелік, жеңімпаздар алдағы уақытта Польшадағы Познань қаласында өтетін әлемдік робот техникалары байқауына қатысатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары