$ 478.93  534.96  5.16

Алматыда «Рухани жаңғыру» бойынша үздік шығарма жазған оқушылар марапатталды

Бастапқы үш орын алғандардан бөлек қатысуышыларға да ынталандыру табысталды. Ал, олардың ата-аналарына аудан басшылығының алғыс хаты берілді. Тұғырдан көрінген оқушылар енді тегін тіл курстарына баруға мүмкіндік алып отыр.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бойынша оқушылар арасындағы шығарма байқауы қорытындыланды. Аталмыш шара Алматы қаласы, Наурызбай ауданы әкімдігінің ұйымқы болуымен ұйымдастырылған. Бұл туралы Sn.kz. хабарлайды.

Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын Наурызбай ауданында бір мезетте мың оқушы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала жазған болатын. Бүгін сол байқаудың қортындысы жасалып, білімділер іріктелді. 
Бастапқы үш орын алғандардан бөлек қатысуышыларға да ынталандыру табысталды. Ал, олардың ата-аналарына аудан басшылығының алғыс хаты берілді. Тұғырдан көрінген оқушылар енді тегін тіл курстарына баруға мүмкіндік алып отыр.

«Маған байқауда мұғалімім Аягүл Ертаевна көмектесті. Шығарма жазған кезде орын аламын ойлаған жоқпын. Келген кезде де ондай ой болған  жоқ. Алайда орын алғаныма өте қуаныштымын. Және де бұл жерде менің ата-анама алғыс хат беріліпті. Оған өте қатты қуандым. Ағылшын тілі маған өте қатты қажет болып жүр еді», - деді байқау жеңімпазы Аружан Серікбаева. 

Мараптталғандармен қатар, үздік оқушылар да аудан әкімнің орынбасарымен еркін форматта жүздесіп, ой пікірлерімен бөлісті. Жастар өз ұсыныстарын айтып, Наурызбай ауданының одан әрі көркеюіне шамалары келгенше ат салысатындықтарын жеткізді. Әкім орынбасары барлық өтініштер мен ұсыныстар елеусіз қалмайды деп отыр.

«Ұнаған ұсыныстарын іліп алып, әрі қарай іске асыратын болып жатырмыз. Біреуі арнайы пікір сайыс клубын құрсақ дейді. Ауданымызда бізден төменгі класста оқитын, әлеуметтік аз қамтылған, қосымшаға бара алмайтын балаларға өзіміз сабақ берсек екен. 

Біз оларға ағылшын тілін, жалпы білетін дүниемізді үйретсек деген ұсыныс жасадық. Енді соны іске асыратын боламыз», - дейді Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары