Ресей мемлекеттік Думасының депутаты, либерал-демократ Иван Сухарев Владимир Ленинді христиан рәсімдері бойынша жерлеуді үкіметке ұсынып отыр. Бұл жайында ол "Ресей жаңалықтар қызметіне" берген сұхбатында мәлімдеді.
«Бей-берекетті тоқтату керек. Жүз жыл өтті. Бізде 1924 жылдың 26 қаңтарындағы Кеңестің 2-ші съездінің шешімі бар. Ол жерде Ленинді жерлеу мәселесі қаралған болатын. Ал, дәл қазіргі жағдайда Ленин жерленген деп айтуға болмайды. Православ рәсімдері бойынша Ульянов әлі жерленген жоқ. Сондай-ақ, Ресейдің жүрегінде біз мәйітті ғасыр бойы сақтап келеміз, бұл дұрыс емес" деді Сухарев.
Депутаттың айтуынша, мавзолей орнына музей ашу керек. Айта кету керек, 2004 жылы Думада Ленинді жерлеу мәселесі көтерілген сәтте депутаттардың көбі оған қарсылық танытып, тақырыпты күн тәртібінен алып тастаған болатын. Дегенмен, Сухарев парламент төменгі палатасының келесі сессиясында мәселені қайта көтеретінін айтты.
Владимир Лениннің мәйіті Қызыл алаңдағы мавзолейге 1924 жылы қойылған.