Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің өлшемдері бекітілетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.