05.12.2019, 06:37

Шымкенттегі жабық дәмханадан ер адамның мәйіті табылды

Белгілі болғандай, дәмхананың қожайыны қазіргі уақытта.

Шымкенттегі А.Байтұрсынов пен Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханада ер адамның мәйіті табылды.

Белгілі болғандай, дәмхананың қожайыны қазіргі уақытта Шымкентте емес. Мекеменің өзі көптен бері жұмыс істемейді. Жазда жөндеуден өткізгенмен, ашып үлгермеген.

Жанында орналасқан дүкен иесінің айтуынша, ғимаратты нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар мекен етіп алған. Оның дүкенін3нде де ұрлық орын алған. Сондықтан ол мезгіл-мезгіл бос дәмханаға қарап тұратын. Бүгін таңғы төртте бас сұққанда, сол жерде адамның жансыз денесін тапқан.

Белгілі болғандай, ер адам өлтірілген. Жасы қырықтарда. Кафенің ауласынан қылмыстың болжалды құралы — қан іздері бар пышақ табылды.

Тегтер: Шымкент