Instagram қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында аккаунт ашу кезінде қолданушының жасын сұрайтын болады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы Instagram желісінің ресми хабарламасында айтылған.
"Бүгіннен бастап біз Instagram желісінде аккаунт ашатын адамдардан туған күнін сұрайтын боламыз", - делінген хабарламада.
Бұл мәлімет басқа қолданушыларға көрінбейді, тек Instagram желісін жетілдіру мақсатында пайдаланылады.
Сондай-ақ, Instagram желісінің жаңа талабында қолданушы өзіне хабарлама жіберетіндер тізімін реттей алады.
"Осы жаңажылдықты қолданған адамдар өздері жазылмаған адамның историясы мен жазған хабарламаларын көрмейтін болады", - делінген хабарламада.
Instagram - әлеуметтік желі элементтері бары сурет және видео алмасуға арналған қосымша. Facebook компаниясына тиесілі.