Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығының шатырынан құлап кетті, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Оқиғаның куәгерлері редакцияның Whatsapp-нөміріне оқиға орнында түсірілген суреттерді жіберген. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері төтенше жағдай туралы ақпаратты растады.
Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері ер адамның жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын айтты.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Бостандық аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
"Қайтыс болған адамның кім екені белгілі болды. Ол 1971 жылғы. Болжаммен, ол бизнес-орталықтың 12-қабатындағы кіреберістің терезесінен секіріп кеткен", - делінген ПД хабарламасында.
Тергеу барысында оның мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны анықталады.