Паттайяда болған алапат өрт арасында шетелдік туристер, балалар, қарттар мен мүгедектер де бар. Жанып жатқан ғимараттан қонақтар мен қызметкерлерді шығаруға өрт сөндірушілермен қатар, еріктілер тобы да көмектескен. Тілсіз жауды ауыздықтауға шамамен 30 минут уақыт кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қонақ үйдің күзетшісі ғимарат алдындағы бөлменің балконынан түтін шыққанын көріп, кейін қатты желдің салдарынан өрт тез тарады дейді. Оттың нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Төтенше жағдайдан келтірілген залал бастапқыда кем дегенде миллион бат, яғни шамамен 33 мың АҚШ долларын құрайды деген ақпарат таратуда.
Айта кетейік оқиға Тайландта болған. Қазір олардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр.