06.12.2019, 16:00

Елімізде бие сүтінен майонез шығарылды

Бірегей өндірістік технологияның арқасында жаңа өнімде барлық пайдалы ингредиенттер сақталған. Майонез компанияның кәсіпорындарында дәстүрлі «ыстық» тәсілмен өндіріледі, оның негізінде пастерлеу процесі жатыр.

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі көшбасшыларының бірі, танымал «3 желания», «Шедевр» және «Златые горы» брендтерінің өнімін өндіруші – Eurasian Foods Corporation (EFC) холдингі «Мерекелік Провансаль» атты бие сүтімен алғашқы қазақстандық майонезін шығарды.

Азық-түлік нарығындағы сұранысты едәуір дәрежеде қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы соңғы жылдары табиғи азық-түлікке қарай бет алды, ал Қазақстанда бие сүтінің бай дәмі мен пайдалы қасиеттері ежелден бері бағаланған. Бие сүтінде адам ағзасына қажетті 40-қа жуық биологиялық компоненттер бар екені бұрыннан белгілі.

Қазақтың дәстүрлі ұлттық өнімдері, оның ішінде ерекше қазіргі заманғы форматта шығарылған өнімдер бүгінде танымалдық шыңында екенін назарға ала отырып, Eurasian Foods Corporation технологтары бие сүті қосылған майонезбен тұтынушыларды таң қалдыруды шешті. Eurasian Foods Corporation инновациялық технологиялық зертханасының бастығы Руслан Шілдебаевтың айтуынша, қазақ ұлттық ас үйінің дәстүрлерін әспеттейтін бірегей майонезді жасаудың шығармашылық процесі бір жылға жуық уақытты алған.

 «3 желания» бренді майонездері құрамында табиғи сүттің бар болуымен әрдайым ерекшеленді. Майонездегі сүт өте маңызды ингредиент, кеңес дәуірінде осы компонент кіретін Провансаль рецептурасы әзірленді. Бұл қадам өнімнің биологиялық құндылығын арттыру мақсатында жасалды. Сонымен қатар, сүт «3 желания» майонезінің дәмдік сапасын жақсартады, оны жұмсақ және толыққанды етеді.

«Мерекелік Провансальдегі» бие сүті басқа табиғи ингредиенттермен – жұмыртқа сарысы мен күнбағыс майымен керемет үйлеседі. Біздің жаңа өніміміз салаттарға қосу үшін, бірінші және екінші тағамдарға дәмдеуіш ретінде тамаша келеді", - деп атап өтті Руслан Шілдебаев.

Бірегей өндірістік технологияның арқасында жаңа өнімде барлық пайдалы ингредиенттер сақталған. Майонез компанияның кәсіпорындарында дәстүрлі «ыстық» тәсілмен өндіріледі, оның негізінде пастерлеу процесі жатыр. 

"Мұндай технология көптеген бәсекелестердің пайдалануымен салыстырғанда өндірістің неғұрлым ұзақ, әрі шығынды процесін қамтиды, біз мұны үнемдеудің жолы деп есептемейміз. Біз сапа дәстүрлерін ұстанамыз және майонездерді классикалық «ыстық тәсілмен» өндіретінімізді мақтан тұтамыз», - деп пікірін білдірді Eurasian Foods Corporation АҚ бас технологы Марина Пак.

Кәсіпорынның даму стратегиясына сәйкес, Алматы зауыты бүгінде майонез, кетчуп, тұздықтар, дәмдеуіштер мен күнбағыс майын шығаруға маманданған. Нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру және дайын өнім шығару көлемін ұлғайту үшін технологиялық және қосалқы жабдықтарды жаңғырту мен жаңарту және жаңа технологияларды енгізу тұрақты түрде жүзеге асырылады. Соңғы он жылда өндірісті дамытуға инвестиция көлемі $80,5 млн-нан асты. Бүгін 3 000-ға жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін холдинг құрамына саланың екі ірі кәсіпорны – Алматыдағы Eurasian Foods Corporation АҚ және Қарағандыдағы Eurasian Foods АҚ зауыттары кіреді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша холдинг шығаратын өнім көлемі 140 000 тоннадан асты.

Алматы кәсіпорнындағы барлық өндірістік процестер автоматтандырылды. Өсімдік майын құю австриялық өндіріс желісінде, майонез, кетчуп және тұздықтар дайындау – Швейцариядан жасалған жабдықтарда жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда нарықта ең заманауи орау желілерін орнатудың арқасында өнімнің бірнеше форматтары ұсынылған, олардың әрқайсысы абсолюттік микробиологиялық тазалыққа кепілдік береді және консерванттарды пайдаланбай ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорында аттестацияланған физика-химиялық және микробиологиялық зертханалар жұмыс істейді, олар барлық келіп түсетін шикізатқа және шығарылатын дайын өнімге өтпелі тексеру жүргізеді. Осылайша, өнімнің қауіпсіздігі барлық өндірістік цикл бойы қамтамасыз етіледі.

Eurasian Foods Corporation өнімінің жоғары сапасы мен тамаша дәмін тек қазақстандық тұтынушылар ғана бағалап қойған жоқ. Көп жылдар бойы кәсіпорын алыс және жақын шетел елдерінің нарықтарына – Ресейге, Қытайға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркменстан, Ауғанстанға, Грузияға, Арменияға, Әзірбайжан мен Моңғолияға өнімді жеткізуді жүзеге асырады. 2018 жылы холдинг 19 мың тонна өнімді экспорттады немесе ол жалпы өндіріс көлемінің 13%. Соңғы бес жылда экспорт көлемі 56%-ға өсті. Astana Agro-2018 форумының қорытындысы бойынша Eurasian Foods Corporation холдингі Қазақстанда өнім экспортының көшбасшысы болып танылды.

Eurasian Foods Corporation АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Иван Колесников хабарлағандай, Алматы қаласындағы кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 90 мың тоннаны құрайды, оның ішінде соус тобы бойынша – 65 мың тоннадан астам.

- 2019 жылдың жазында холдинг құрамына Петропавл сүт зауыты – «Молочный союз» ЖШС кірді. Кәсіпорын 1929 жылы құрылды. «Сүт одағымен» шығарылатын өнім тек Солтүстік Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал. Қазіргі уақытта кәсіпорынды ауқымды жаңғырту және ірімшік сұрыпталымын кеңейтуге баса назар аудара отырып, сүт өнімдерінің сұрыпталымын жаңарту жоспарлануда, - деп мәлімдеді Иван Колесников.

Eurasian Foods Corporation тұтынушылардың қалауына сәйкес өнімнің сұрыпталымын үнемі кеңейтеді және жетілдіреді. Компания қоржынында 200-ден астам өнім түрі – майонез, кетчуптар, тұздықтар, дәмдеуіштер, сары май және өсімдік майлары, маргариндер, дәмдеуіштер, кондитерлік салмалар бар. Компанияның мақсаты өнімнің жоғары сапасын және оны өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Холдинг кәсіпорындарында бірқатар халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған менеджмент жүйесі енгізілді.

Дереккөз: Abai.kz