04.12.2019, 09:10

Шымкент қаласындағы қоғамдық ұйым өкілдері бас қосты

фото: otyrar.kz
Басқосуға үшінші мегаполиспен қатар, Түркістан облысындағы белсенді ҮЕҰ өкілдері де қатысты. Кездесуді Шымкент қаласы «Азаматтық Альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Білісбеков жүргізіп отырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева сапар барысында Шымкент қаласындағы қоғамдық ұйым өкілдерімен де кездесті, деп хабарлайды Sn.kz.

Басқосуға үшінші мегаполиспен қатар, Түркістан облысындағы белсенді ҮЕҰ өкілдері де қатысты. Кездесуді Шымкент қаласы «Азаматтық Альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Білісбеков жүргізіп отырды.

Ж. Білісбековтің баяндауынша, Шымкент қаласында бүгінде 432 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Жүргізілген талдау нәтижесінде, тек 300-ден астамы ғана жұмыс істейді. Айта кетерлігі, Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» биыл 4000-нан астам қарияны емдік-сауықтыру орындарына жіберді. Олардың қатарында соғыс пен тыл ардагерлері, зейнеткерлер мен батыр аналар бар.

Жиында сөз алған ҚР Президентінің көмекшісі Азаматтық Альянс пен үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты халықпен тығыз байланыста болу екенін атап өтті. Сондай-ақ халықты жұмыспен қамту, тұрмысын түзеу, жұмысшылардың құқығын қорғау сынды мәселелерді шешуге белсенді атсалысуға шақырды.

– Нәтиже жоқ емес, бар. Еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар мен Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуына қоғамдық ұйымдардың қосар үлесі мол. Дегенмен кейбір үкіметтік емес ұйымдардың әлі де болса жұмысын ширату керек. Шыны керек, сіздердің миссияларыңызды қарапайым жұртшылық толық біле бермейді. Алдағы кезде осындай дөңгелек үстелдер мен семинарларды жиі ұйымдастырған жөн. Ең бастысы, жұмыс жандану үшін көкейкесті мәселелерді жасырмай айтып, шешімін бірге табамыз деген ойдамын, – деді Аида Балаева.

Тегтер: Аида Балаева