$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қаласының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалды

2019-2023 жылдардағы қала экономикасының басымдықтары төмендегідей болды...

Орта мерзімді перспективада Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, сондай-ақ, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларындағы бағыттарды ескере отырып, «Қазақстан – 2050 Стратегиясын» әрі қарай жүзеге асыруға бағытталады, деп хабарлайды Sn.kz.

2019-2023 жылдардағы қала экономикасының басымдықтары төмендегідей болды.

1) макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру;

2) орта мерзімге арналған кезеңде цифрлық технологияны қолдану арқылы, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және экономиканың даму қарқынын жылдамдату, сондай-ақ, ұзақ мерзімді кезеңде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру аясында цифрлық экономиканы құруды қамтамасыз ететін дамудың жаңа белесіне өтуге жағдай жасау; 

3) еңбек  өнімділігін, бизнестің бәсекелік қабілеттілігін және технологиялық жаңғыртуды арттыру есебінен экспортқа бағытталған өндірісті ынталандыру негізінде экономика өсімдерін арттыруға ықпал ету, сонымен қатар, жеке қаржыларды тарту және қаланың әлеуетін арттыруды іске асыру; 

4) тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті және энергия тиімділігін арттыру,  агроөнеркәсіп кешенін, көлік және логистикалық  инфрақұрылымды дамыту,  индустрияландыру жолымен экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту; 

5) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында жұмыспен қамтуды арттыру,  «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру,  бизнестегі шығындардың барлық түрлерін төмендету, мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту есебінен бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту;

6) 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламалар шегінде білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, үш тілде білім беруге кезеңмен көшу, «Барлығына тегін кәсіби-техникалық білімді» іске қосу, денсаулық сақтау жүйесін түрлендіру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, денсаулық сақтау саласын ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету  есебінен адами капитал сапасын жақсарту болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әлеуметтік