07.12.2019, 04:10

Жаңа жылды тойлаудың орнына мұқтаждарға сыйлық жасауды ұсынды (ВИДЕО)

Ал, мектеп мұғалімдерінің енді оқушылардан қымбат сыйлық тұрмақ, бір қарындаш алуына болмайды

Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мемлекеттік қызметкерлер мен ұжымдарға қымбат мейрамханаларда корпоратив кеш өткізудің орнына жағдайы төмен отбасыларға сыйлық алып беруді ұсынды,-деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Сондай-ақ олар мектеп мұғалімдері оқушылардан қымбат сыйлық тұрмақ, бір қарындаш алуына болмайтынын айтты. 

«Мемлекеттік қызметкерлерге тұрғындар сыйлық бермеуі керек. Ол заңда көрсетілген. Егер сыйлық құны 2 АЕК-тен асса, әкімшілік құқық бұзушылық болады. Ал 6 АЕК-тен асса қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа кетеді», - деді Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының басшысы Ернар ИГІЛІКОВ.