$ 443.85  474.3  4.8

Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю «орда бұзар» жасқа толды

1990 жылы Алматы зообағына әкелінген Алькор 1989 жылы Калининградтағы хайуанаттар бағында туған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Алькор немесе Коля есімді ақ аю - осы хайуанаттар бағының байырғы мекендеушісі. Бүгінгі күні 30 жасқа толған ақ аю зообаққа келушілердің де қызығушылығын туғызып отыр,-деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы "Егемен Қазақстан" газетіне сілтеме жасап. 

Аюдың жасы адам жасына шаққанда жүзді көрсетеді. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, табиғат аясында ақ аюлар 20 жасқа дейін, ұрғашылары 25-30 жасқа дейін өмір сүреді. 1990 жылы Алматы зообағына әкелінген Алькор 1989 жылы Калининградтағы хайуанаттар бағында туған. Алькордың ұрғашы Кристинадан Умка есімді қонжық туылған. Умка қазір Чехия зообағында. Алькор ет, балық жегенді ұнатады. Балық майы, көкөніс пен жеміс-жидек те оның тұрақты азығы.

Бүгінде Алькор замануи вольерде тіршілік етуде. Алькор үшін әйнекпен қапталған, бассейні бар, көгалданған, тұрақты су ағып тұратын жағдай Меценат Сергей Спицын тарапынан жасалған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары