09.12.2019, 10:00

Гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан Қытайды тізе бүктірді

Топтық кезеңдегі барлық кездесуде жеңіліске ұшыраған қазақстандықтар 21-24 орынға таласу үшін Қытаймен кездескен болатын.

Жапонияда гандболдан лицензиялық әлем чемпонаты жалғасуда. Қазақстан командасы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Топтық кезеңдегі барлық кездесуде жеңіліске ұшыраған қазақстандықтар 21-24 орынға таласу үшін Қытаймен кездескен болатын. 

Аталған матч 29:23 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

Тегтер: Казспорт