$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Түлектер «Агромарт» компаниясына жұмысқа орналаса алады

«Агромат» компаниясының директоры А.Холмуратов «АГРОМАТ – болашаққа көзқарасы» тақырыбында семинар өткізді. Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің саласы бойынша компанияның қызметі туралы студенттерге ақпарат айтылды.

Алматы Техникалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының бастамасымен білім беру бағдрламасы бойынша «Экология» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының студенттерімен «Тұрақты даму жобаларының инкубаторы» ҚБ Д. Тен және «Агромат» компанисы А. Холмуратовпен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sn.kz.

Әлеуметтік-экологиялық жоба аясында: «Дақылдардың өнімділігін арттыру және топырақты қалпына келтіру ретінде, биотыңайтқыштарды өндіру және органикалық қалдықтарды қайта өңдеу әдіс-тәсілдерін жергілікті қоғамдастықтарды үйрету арқылы органиканы ауылшаруашылығынада қолдануды алға тарту жолдарын («Қазақстан таза – құнарлы жер – пайдалы өнім») бас директор Д.Тен семинар өткізді.

Түлектер ауылшаруашылығы саласы бойынша жаңа бизнес идеялары туралы білді: органикалық қалдықтарды қалай қайта өңдеуді, бұл жағдайда планетаның экологиясын жақсаруы; бұдан қалай ақша табуға болатынын, органикалық қалдықтардан газ және биотыңайтқыш қалай алатынын; өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығының жаңа әдістері туралы және т.б.

«Агромат» компаниясының директоры А.Холмуратов «АГРОМАТ – болашаққа көзқарасы» тақырыбында семинар өткізді. Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің саласы бойынша компанияның қызметі туралы студенттерге ақпарат айтылды. «Агромарт» компаниясы  агроөндірістік  кешенінде кадрлардың жетіспеушілігі, сонымен қатар, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін  шешудің нақты қадамдары ретінде бағдарламаны іске қосады.

Бағдарламаның көмегімен жас мамандар «Агромартта» 6 ай бойы ақылы тығылымдамадан  өту мүмкіндігіне ие болады, оның барысында қатысушылар теориялық білім алады, компанияның бизнес-процестерімен танысады, іс-шараларға, семинарларға және далалық тәжірибелерге қатысады. Бұл бағдарламаның артықшылығы болашақ маман мамандығы бойынша әртүрлі жоспарларын, міндеттерін шешуге және кешенді жұмыс тәжірибесін алуды үйренеді. Бағдарлама бойынша «Агромарт» компаниясында тағылымдардан өткендерге жұмықа орналасуға ұсыныс жасалады.

ХХТжЭ кафедрасының түлектері үлкен қызығушылық танытып, АӨК саласында жұмыс істеуге дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түлектер