$ 443.37  474.49  4.83

Алматыда Әдуәли Қайдардың 95 жылдығына арналған форум өтті

Шараны ҚР БҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек жүргізіп отырды.

Алматы Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың 95 жылдығына орай ғалымның сан салалы ғылыми мұрасы мен өнегелі өмірін ғылыми ортада талқылау, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Ұлы дала тұлғалары: Қазақтану іліміндегі академик Ә.Т.Қайдардың тілдік әлемі» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп ұйымдастырған. 

Форумда қазіргі қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері сөз етіліп, қазақ этносының тұрақты дамуының құдіретті күштерінің қатарына қазақ тілінің халық даналығын, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа шашпай-төкпей жеткізетін мұрагерлік қызметінің жататыны, ұлттық тіл ұлттың өзін танып-білудің бірден-бір құралы, халықтарды бірлестірудің, елдікті сақтаудың, мемлекетті дамытудың алғышарты екендігі кеңінен талқыланды. 

Шараны ҚР БҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек жүргізіп отырды.

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев,  ҚР ҰҒА Президенті М.Жұрынов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі, ҚР Орталық мемлекеттік музейдің директоры Н.Әлімбай және қазақстандық жоғары оқу орындарыныңбасшылары мен мамандары қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары