$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда Ә. Бейсенованың үш бірдей кітабының тұсауы кесілді

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Әлия Бейсенованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Алматыда Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, география ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әлия Сәрсенқызы Бейсенованың «Қазақ елінің экологиялық ахуалы», «Қазақ елі – мәңгілік ел», «Kazakh yely – mangilik yel» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор ғалым-экономист, профессор Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына берді.

Мерекелік шарада ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік  Қирабаев, ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин,  биология ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Сапаров, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет  Қойгелдиев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Рахымжан Елешев және тағы басқалар Ә.С. Бейсенованың шығармашылығына тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Әлия Бейсенованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мерекелік кешке зиялы қауым өкілдері, студенттер, оқушылар, кітапхана қызметкерлері мен  оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кітап #ғылым