13.01.2016, 03:50

Депутаттар Президенттен Мәжілісті таратуды сұрады

ҚР Парламент Мәжіісінің депутаттары Мемлекет басшысынан төменгі палата депутаттарын таратуды сұрап отыр деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл жайында мәжілісмен Владислав Косарев Астанада өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.

"Біз бесінші шақырылымдағы депутаттардың өкілдіктерін тоқтату мәселесін көтеріп отырмыз" деді Косарев халық қалаулыларының Елбасына жазған ұсынысымен журналистерді таныстыра отырып. Сондай-ақ, депутаттар Назарбаевтан сайлау өткізуге рұқсат беруін де сұрап отыр.

Айта кетейік, Мәжіліс тараылса ондағы үш партияның фракциясы да жұмысын тоқтатады.