$ 494.87  520.65  4.91

ҚазИТУ-да ұлттық құндылықтар мәселесі талқыланды

Жиынды ҚазИТУ ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова кіріспе сөзімен ашып, біртұтас ұлт болу үшін тәуелсіз Қазақстанның төл тарихындағы ұлттық­ сананы жаңғыртудың маңыздылығы мен өркениетті елдер қатарына қо­сылуда жалпыадамзаттық құндылықтардың орны орасан зор екендігін атап өтті.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

«Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтардың жалпы адамзаттық құндылықтарға бастауы» атты жиынға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен студенттер қатысты.

Жиынды ҚазИТУ ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова кіріспе сөзімен ашып, біртұтас ұлт болу үшін тәуелсіз Қазақстанның төл тарихындағы ұлттық­ сананы жаңғыртудың маңыздылығы мен өркениетті елдер қатарына қо­сылуда жалпыадамзаттық құндылықтардың орны орасан зор екендігін атап өтті. «Университетте ұлттық құндылықтарды тәрбиенің негізі ете отырып, Жастар жылы аясында көптеген іс-шаралар мен жобалар іске асырылды. Бүгін тағы бір жобаның таныстырылымы өтеді.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында әзірлеген «ҚазИТУ студенттерінің 7 ниет түрткісі» жобасының негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» үрдісінің мазмұндық және идеялық арқауын Абайдың рухани мұрасымен байланыстырып, Абай тағылымын, дәлірек айтқанда, «Кемел адам» концепциясын ұлттық құндылықтардың арқауы етіп, соның негізінде оқу-тәрбие үдерісін жаңа сапалық деңгейге көтеру.

Бұл студенттердің рухани санасын, патриоттық сезімін арттырып, хакім Абайдың даналығынан алынған «ҚазИТУ студенттерінің ниет түрткісі» арқылы ізгілікті жолға бастау болары анық», - деді ректор Г.Сәрсенбекова.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулық және Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай