$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды

Конференцияға еліміздің музейлері мен ғылыми-зерттеу орталықтарынан келген археолог және этнолог мамандар, ғылыми қызметкерлер және шет елден келген ғалымдар қатысты.

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған көне музыкалық аспаптар: жиналу және зерттелу мәселелері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ұлттың музыка мұрасының бүгіні мен келешегі талқыланды, деп хабарлайды Sn.kz.

Іс-шара барысында мамандар сонымен бірге дүние жүзі елдеріндегі музыкалық археологияның зерттелу мәселелері, еліміздегі музейлер қорындағы археологиялық музыкалық аспаптардың сақталу деңгейі және оларды қайта қалпына келтірудің әдістерін жүйелеу тақырыбын ортаға салды. 

«Қазіргі таңда музыкалық археологияны өз елімізде кенже қалған ғылым саласы деуден еш қателеспейміз деген сала мамандары Қазақстандағы музыкалық археологияның негізгі проблемалары және дамыту мәселелерін талқылады.

Музыкалық археология қазба жұмыстарынан табылған музыкалық аспаптарды зерттейтін музыкатану ғылымының бір саласы дейтін болсақ, соңғы жылдары елімізде және көрші мемлекеттерде археологиялық қазба жұмыстар барысынан табылып жатқан музыкалық аспаптар осыған дәлел бола алады», - дейді Ықылас атындағы халық аспаптар музейінің ғылыми қызметкері Абзал Сүлейменов.

Конференцияға еліміздің музейлері мен ғылыми-зерттеу орталықтарынан келген археолог және этнолог мамандар, ғылыми қызметкерлер және шет елден келген ғалымдар қатысты.

Конференцияның соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#конференция