$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығы 10 жылдығын атап өтуде

Іс-шарада «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы - Казбек Мамсуров төрағалық етті.

Алматы қаласының Достық үйінде  Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Джеоргуыба» мерекесіне орай «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының ұйымдастыруымен «Бірлік - халықтың күші» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, ҚХА төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен өтті. Сонымен қатар, шараға ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Іс-шарада «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы - Казбек Мамсуров төрағалық етті.

Ж. Түймебаев өз баяндамасында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері арасында «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының лайықты орны бар. 2009 жылы құрылған бұл орталық Алматы қаласындағы белсенді қоғамдық бірлестіктерінің бірі саналады. Қазақстанның дамуына осетин халқының көптеген көрнекті қайраткерлері өз сүбелі үлестерін қосты. Сонымен қатар, осентиндердің дәстүрлері қазақтардың салт-дәстүрлерімен тығыз байланысты және ұқсастықтары мол. Атап айтқанда, көмек қолын созу, қонақжайлылық, үлкендер мен әйел адамға деген құрмет», - деді.

Қонақтар мен қатысушылар назарына кітап көрмесі және осетин ұлтының көне тұрмыстық заттары, сәндік-қолданбалы бұйымдарының көрмесі мен ұлттық ас үй тағамдары ұсынылды.

Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары