03.12.2019, 18:45

Алматыда Евгений Смурыгиннің «Сәттің әдемілігі» атты көрмесі қойылды

Өнерде шынайы көрініс, гүл натюрморттары мен сюреалистік, философиялық пен тұрмыс композицияларына арнайы назар аударады.

Алматы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Евгений Смурыгин. Сәттің әдемілігі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Смурыгин Евгений Владимирович – заманауи қазақстандық суретші, кескіндемеші. Өнерде шынайы көрініс, гүл натюрморттары мен сюреалистік, философиялық пен тұрмыс композицияларына арнайы назар аударады.

Табиғатты, оның тынысы мен өмірін суретші пастозды стильде суреттейды, палитрамен араласып, қала мен таудың флорасының әртүрлілігін кеңінен бейнелейтін фактуралық жарқын бояуларды пайдаланады. Қала көшелері осыдан он жыл бұрын біздің алдымызда тұрған бейнеде, өзінің әдеттегі ағымында пленэрдік этюд жұмыстарында бейнеленген. Оның лирикалық әйел портреттері, керісінше, өте жұмсақ, нәзік, селдір пердемен жауып қойған секілді салынған. Ол өз шығармаларында біздің қоғамымыздың болмысы мен мәселелері жайлы, тарихи және әлеуметтік тақырыптар туралы ой қозғайды, көрермендерді карнавал және мистикалық жарқын қиял әлеміне шақырады.

Сәттің әдемілігі, мәңгіліктің әдемілігі. Әрбір сәтте кішкентай өмір бар, эмоциялық екпінде немесе жанға батқан оқиғада сәттің жылы және дыбысты естелігі қалады. Бір сәтте көп нәрсе орын алады және ол өмірдің әдемілігі. Суретшінің бақыты дегеніміз ол сол сәттің жарқындығын өзінің кенебіне түсіре алатыны. Суретшінің қылқаламына бәрі бағынады. Қала әлі ұйқыға оранған кезде таңның атуын бейнелейді. Жылы бояулар шүйгін жапырақтардың реңктері мен түйіршікті дымқыл асфальттың суық бояуларымен қақтығысқаны, ашық қызғылт пен күлгін түстері таңғы күн шұғыласы мен жаңа жазғы күннің тууын бейнелейді.

Таулардың әсем шыңдары арқылы көрермен жартастардың қара сызықтарымен қарама-қайшы келетін ультрамарин мен кобальт түстерінің тығыз кенепке түсірлгендері арқасында ауаның салқыны мен сергектілігін сезінеді.

Суретші осы сәттің жаратушысы, өмір жаратушысы және, жеке сезімдер мен туған жердің образдарының романтикасына қаныққан, туындыгер.

Көрме кураторы - Гафура Каирбекова.

Тегтер: көрме