Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кетпек. Бұл туралы Telegram-ға саясаттанушы Ербол Еділов жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен кетеді. Зейнет жасына келуіне байланысты демалысқа шығады», - делінген жазбада.
Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов бүгін 63 жасқа толды. Ол 1956 жылы 9 желтоқсанда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.
Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпан айында елші қызметіне тағайындалған болатын.