$ 448.89  477.93  4.76

«AtlasJet» авиакомпаниясы осы жаздың соңына дейін туристерді тегін тасымалдайды

Азаматтық авиация комитеті мен «AtlasJet» авиакомпаниясы 2014 жылғы жазғы мерзімнің соңына дейін туристерді тегін тасымалдауға келісті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мәлімдегендей, «AtlasJet» авиакомпаниясы қазақстандық туристік агенттіктерде рәсімделген билеттері бар жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады. ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитет тарапынан жолдама мен қонақ үй шығындарын төлеу туралы растау құжаты бар туристер ұша алады.

«Аталған келісімге Азаматтық авиация комитеті Бекен Сейдахметов басшылығымен 19 шілдеде, сенбі күні өткен кеңесте қол жеткізді. Оған Туризм индустриясы комитет төрағасы Марат Игалиев, «AtlasJet» авиакомпаниясының президенті Мурат Ерсой және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кеңесте 2014 жылғы көктемгі-жазғы навигациясы соңына дейін «AtlasJet» авиакомпаниясы ағымдағы жылғы 19 шілдеден бастап Антальядан Қазақстанға тұрақты рейстерді орындауды жалғастыратынын атап өткен жөн. Бұдан былай олардың билеттері жалпы броньдау жүйесінде ашық сатылымда болады.

Ағымдағы жылдың шілдесінде Көлік және коммуникация министрлігі туристік компаниялардың клиенті болып табылатын Қазақстан азаматтарының күйзеліске ұшырататын қиын жағдайларды болдырмау жөнінде Жұмыс тобын құруды бастама жасады. Туристердің мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс тобы көлік саласына, оның ішінде тасымалдаушыларға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жұмысын жалғастырып, аталған саланы жетілдіру жөнінде ұсыныстар беретін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары