$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті

Бұл шараға Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Заман» парасатты және салауатты өмір» қоғамдық қоры ұйытқы болды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматыдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланған тарихи ғимаратта «Қазақстан тәуелсіздік жолында» деген тақырыпта жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Кездесуге белгілі қоғам қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев келді.

Бұл шараға Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Заман» парасатты және салауатты өмір» қоғамдық қоры ұйытқы болды.

Аталмыш қордың директоры Тілеубек Дөрбетханұлы қазіргі таңда Қазақстан-Британ техникалық университеті орналасқан бұл ғимараттың кездесу орны ретінде кездейсоқ таңдап алынбағанын атады. Сондай-ақ тәуелсіздік жарияланғаннан кейін өмірге келген қоғамдық ұйымдардың бірі саналатын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі және онда 1992-2017 жылдары қауымдастық төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған Сұлтанәлі Базарбайұлын  кездесуге келген студенттер қауымына таныстырып, сол кездегі тарихи оқиғаларды баяндап беру үшін сөз тізгінін қонақтың өзіне тапсырды.

– Тәуелсіздік жемісін бүгін сіздер көріп отырсыздар. Егемендік алмасақ, болмағанда мұнда отырмайтын едіңіздер. Бұл Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің үйі болған. Студент тұрмақ, аудан, облыс басшыларының өзі зорға кіретін.  Мұнда көп жылдар бойы Дінмұхамед Конаев отырды. Елдің қалыптасуы мен дамуындағы үлкен мәселелер шешілген жер.

Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі - сендердің жоғары оқу орындарында қазақша оқып жатқандарың. Оған дейін жоғары оқу орындарының 80-90 пайызы орысша оқытатын. Қазір олардың 70-80 пайызы қазақ бөлімдерінде оқиды. Ал енді өзімнің жұмысыма оралсам тәуелсіздіктің ең алғашқы жетістіктерінің бірі – шетелдегі қазақтарды жинағаны. Оған дейін Қазақстандағы халықтың 37 пайызы ғана қазақ болған. Қазір 70 пайыз болды, – деді С.Балғабаев.

Жалпы мәдениет пен руханияттың өзекті мәселелері талқыланған бұл кездесу пікірталмасу түрінде жалғасып, студенттер өздерін толғандырып жүрген жағдайлар бойынша сұрақтарына жауап алуға тырысты. Тәуелсізідік тағылымына қатысты ой көкжиектерін кеңейтіп, шарадан соң естелік суретке түсіп, үлкен әсермен тарқады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тәуелсіздік