$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматыда Жібек жолының бойындағы қазіргі заманауи қалалардың арасындағы байланыс талқыланды

Дөңгелек үстел басында, сондай-ақ, Франция, Чехия секілді батыс Еуропа елдерінен келген сарапшылар Жібек жолының бойындағы қазіргі заманауи қалалардың арасындағы байланыс, ынтымақтастық туралы өз ойлары мен сараптарын ортаға салды.

Бүгін Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы Жібек жолы: Орта ғасырлардан біздің кезеңге дейін мәдениетті жақындастыру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Аталмыш шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменов, ҚХА-ның Достық елшісі, Франция президентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Туар-Оборон Малгожата, сондай-ақ, ғалымдар, саясаткерлер, халықаралық сарапшылар, ЮНЕСКО Кластерлік бюросының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел басында, сондай-ақ, Франция, Чехия секілді батыс Еуропа елдерінен келген сарапшылар Жібек жолының бойындағы қазіргі заманауи қалалардың арасындағы байланыс, ынтымақтастық туралы өз ойлары мен сараптарын ортаға салды. Ал қазақстандық тарихшы Б. Нұғман Қазақстанның Жібек жолы бойындағы ежелгі қалалары туралы тың мағлұматтармен бөлісті.

«Ұлы Жібек жолы – біздің тарихта орын алған үлкен құбылыс. Ол ұлан-ғайыр аумақта орналасқан мемлекеттер мен халықтардың экономикалық, мәдени ынтымақтастықтың дамуына орасан зор ықпал еткені белгілі. Ол қазіргі заманда да халықтардың тығыз байланысына себеп болып отыр. Сонымен қатар өткенге тағзым, тарихты зерттеу – кемел келешектің, рухани жаңғырудың негізі», - деді бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Қазақстанда бүгінде 100 этнос пен 17 конфессия тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүруде. Ұлттық саясаттың өзегі 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. ҚХА бірнеше жылдан бері «Жібек жолы бойындағы әңгімелесу» диалогын жүргізіп келеді. Жыл сайын бұл шараға Орта Азия аумағынан зиялы қауым, халықаралық сарапшылар, мәдениеттанушылар, ақындар, тарихшылар, мемлекеттік орган өкілдері тұрақты қатысады.

«Жібек жолының халықтарды бір-бірімен жақындастырудағы тарихи рөлінің маңыздылығын түсіндіруде халықтық дипломатияның мүмкіндігін, азаматтық қоғам институттарының, ғалымдардың интеллектуалдық әлеуетін пайдалануды ұсынамын. Ұлы Жібек жолы феноменін зерттеуді университеттерде ЮНЕСКО және Ассамблея кафедраларын ашу арқылы да насихаттауға болады», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары