$ 449.58  486.94  4.86

«Рухани жаңғыру»: Алматы аудандары Халықаралық акция аясында бірқатар іс-шаралар өткізді

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы бойынша аудандық әкімдіктердің ұйымдастыруымен өткізілуде.

Алматы қаласы аудандарында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізуде, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы бойынша аудандық әкімдіктердің ұйымдастыруымен өткізілуде. 

Жыл сайынғы Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күнінің аталып өтуіне байланысты Алматы қаласы, Түрксіб ауданының ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Б.Байтұғұлова, Алматы қаласы Әуежай ЖПБ КТІЖ ПУИ полиция аға лейтенанты Е.Затыбеков, Әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және қалыптастыру орталығы «РОДНИК» қызметкерлерімен және № 94 УПП жауапты полиция учаскелік инспекторы полиция капитаны А.Ұзақбаев бірлесе отырып, Алматы халықаралық әуежайында, сонымен қатар № 20 қалалық емхана қызметкерлері арасында көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру барысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын ұйымдастырып өткізді.

Көпшілік халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру мақсатында ҮЕҰ, мемлекеттік мүдделі органдарды жұмылдыра отырып, Түрксіб ауданының аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты халықаралық акциясын № 13 қалалық емхананың психолог мамандары арасында Түрксіб ауданының жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, Түрксіб ауданының ПБ ЖПҚБ № 91 УПП полиция учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Е.Исмаилов, Түрксіб ауданының ПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны Б.Байтұғұлова және Алматы қаласы Әуежай ЖПБ КТІЖ ПУИ полиция аға лейтенанты Е.Затыбеков бірлесе отырып ұйымдасырып, өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#акция