$ 494.87  520.65  4.91

Алматы мектептері арасында «Парасатты отбасы» байқауы өтті

Байқауға Алматы қаласындағы  Жетісу ауданының №2, 43, 101, 103, 137, 148, 177, 193 мектептерінің ата-аналары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Алматыда Жетісу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Парасатты отбасы» байқауы өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімдігі, Білім басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. 

Шараны Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Алматы қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өткізген. 

«Парасатты отбасы» байқауына әділ баға берген әділқазы алқасының құрамында Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдңқызы, Жетісу аудандық білім бөлімінің бас маманы Тынышбаева Жанна Кадылханқызы, Жетісу ауданы әкімінің аппараты өкілі Мұрынова Жанат Шарапханқызы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істері жөніндегі офицері Қойлыбаев Еркебұлан Берікжанұлы, Жетісу аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы төрайымының міндетін атқарушы Егемова Қыздығой Байшыгарқызы болды. 

Байқауға Алматы қаласындағы  Жетісу ауданының №2, 43, 101, 103, 137, 148, 177, 193 мектептерінің ата-аналары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

Байқау нәтижесінде з-орын: №2 ЖББМ, №43 ЖББМ, №137 ЖББМ,  2-орын: №101 МГ, №193 ЖББМ, 1-орын: №103 МГ, №148 МГ қанжығасына бұйырды. 

Ал байқаудың Бас жүлдесін №177 ЖББМ жеңіп алып, Жетісу ауданының атынан қалалық «Парасатты отбасы» байқауына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары